
Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 21 ақпан күні Жамбыл ауданы, Беріктас орта мектебінің базасында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында жаңаша оқу әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы заманауи талапқа сай оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу» тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік семинары өткізілді. Семинарға жалпы облыс бойынша 50 педагог қатысты.