
Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Алматы облысы Қарасай ауданы "Алатау-прогресс" ЖШС-гі «ALTAMIR» жиһаз компаниясының базасында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде салынатын мектептерге жиһаздардың түсін таңдау, іріктеу бойынша «Show room» өткізілді. Бұл шараға жиһаз шығаратын жергілікті кәсіпорын басшылары өз өнімдерін ортаға салды. Шара барысында жиһаздарды дайындалу цехында жасалу процесі көрсетіліп, сонымен қатар, түсі, дизайны таңдалып, сапасы талқыланды.
Аталған іс-шараға "Самұрық -Қазына" АҚ-ның Алматы облысына жауапты өкілдері, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаменті, облыстық білім, құрылыс басқармалары, облыс әкімі жанынан құрылған комиссия мүшелері, ата-ана қауымдастығы, мектеп құрылысын жүргізетін мердігер компаниялардың басшылары, "Қазақстан жиһазы" ассоциациясының өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты. Бұл шара, өз кезегінде, оқушылардың жайлы да жарық, заманауи жиһаздарымен жабдықталған, сапалы білім алуларына қолайлы ортаның қалыптасуына септігін тигізбек.