
4 маусым күні Қазақстандықтар мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті. Осы күні 1992 жылы біздің мемлекетіміздің ерекше белгілері – Ту, Елтаңба және Әнұран ресми түрде бекітілді. Осыған орай Алматы облысының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы оқушылары арасында қашықтан суреттер байқауын өткізді.