1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ

1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ

2020 жылдың 20 мамыры мен 20 маусымы аралығында өңірлік жоспарға сәйкес 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған республикалық акция «Барлығы балалар үшін» ұранымен онлайн форматта өткізілуде.

Акция «Бала және отбасы», «Балаға мейірімді қала», «Балалардың құқығы-адам құқығы», «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол!», «Балалық шақты қорғау қоғамы» тематикалық блоктары бойынша өткізіледі.

Аудан, қалаларда отбасылық іс-шаралар, бейнероликтер байқауы, қайырымдылық акциялары, сурет, қабырға газеттері байқаулары және тағы да басқа көптеген шаралар өткізілуде.