ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

2020 жылғы 1-12 маусым аралығында бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын аудару мақсатында «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өтеді.

Ақпараттық науқан міндеттері: Еліміздің барлық өңірінде бала еңбегі проблемаларын БАҚ-та жариялау үшін журналисттерді тарту; бала еңбегін пайдалану проблемалары, оның масштабы мен сипаттары, балаға және қоғамға тигізетін әсері, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамның, үлкендер мен балаларды қосқанда ақпараттылығын арттыру.

Ақпараттық науқанның мақсатты тобы: ата-аналар (заңды өкілдер), балалар, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары.