
«Жетісу дарыны» орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 19 мамыр күні жаратылыстану пәндері мұғалімдері арасындағы облыстық қашықтық олимпиада физика пәнінен өткізілді.
Қашықтық олимпиадаға барлығы - 109 мұғалім қатысты.
Нәтижесінде ІІ орын – 16, ІІІ орын – 25, барлығы - 41 мұғалім жүлделі орындар иеленді. І орын алған мұғалімдер жоқ.
Олимпиада қорытындысы «Жетісу дарыны» орталығының http://zhetіsu-daryny.kz сайтында жарияланды. Жүлдегер мұғалімдердің І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдары аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім беру ұйымдарының электрондық пошталарына жіберіледі.