
Алматы облыстық білім басқармасының 2023 жыл 19 желтоқсандағы №126-ж/қ бұйрығымен Калыкова Бақыт Баймуратқызы Алматы облысының білім басқармасы Талғар политехникалық колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына тағайындалды. Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Т. Исагулова салтанатты түрде тағайындау рәсімін өткізіп, ұжымды жаңа басшымен таныстырды.
Э.ғ.к., профессор Б. Калыкова өз еңбек жолын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Экономика кафедрасында аға оқытушысы қызметінен бастап, осы аталмыш оқу орнының Оқу және оқу әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры лауазымын атқарған.