
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан күні Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласында №25 мектеп-гимназия базасында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін тұлғаға бағытталған оқыту негізінде дамыту» тақырыбындағы облыстық оқу-әдістемелік семинары өтті.Облыстық оқу-әдістемелік семинарына Талғар, Қарасай, Іле,Балқаш,Жамбыл аудандары және Қонаев қаласы бойынша 270 дене шынықтыру пәні мұғалімдері қамтылды.