“Үздік дене шынықтыру педагогі - 2023” республикалық байқауы

“Үздік дене шынықтыру педагогі - 2023” республикалық байқауы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 21-24 қараша күндері аралығында Щучинск қаласында “Үздік дене шынықтыру педагогі - 2023” республикалық байқауы өткізілді. Байқауға Алматы облысының намысын қорғаған Іле ауданы, №42 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мергенбаев Асылбек Сакенұлы қатысып “Креативті педагог” номинациясы және 100 000 мың теңге сертификатымен марапатталды.