
Алматы облысының білім басқармасы басшысының 2023 жылғы 13 қарашадағы
№ 114- ж/қ бұйрығымен Жайлаубай Айжан Жайлаубайқызы «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Еңбекшіқазақ ауданының «№ 8 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Еңбек жолын 1997 жылы Шелек ауылындағы Абай атындағы қазақ орта мектебінен бастаған. 2007 - 2014 жыл аралығында осы аталған мектептің директорының оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылдан бастап «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Еңбекшіқазақ ауданының
«№ 8 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әлеуметтік педагог лауазымында жұмыс атқарды. 2016 жылдан бастап осы мекемеде әдіскер лауазымында қызмет атқарды.