Алматы облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі

Алматы облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі

Қонаев қаласының Мәдениет үйінде 8 қарашада білім басқармасының кеңейтілген Алқа мәжілісі өтті

Алқа мәжілісіне Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Жиренбай Ержан Сапарұлы, «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық Қорының басшысы, Алматы облысы бойынша жоба координаторы Олжас Мамбетов пен облыстағы білім саласының қызметкерлері қатысты. Алқа мәжілісіне аудан, қала білім беру ұйымдарынан 218 адам шақырылды.

Білім басқармасының басшысы Беспаева Салтанат Дауыспекқызының төрағалығымен өткен жиында «Табысты 50 мектеп» жобасының жүзеге асырылуы, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың 10 айдағы қорытындылары мен білім сапасының жағдайы және кәмелетке  толмағандарға қатысты орын алған құқықбұзушылықтар, жасөспірімдер арасындағы суицид және психологиялық қызметтің жүргізілуі туралы мәселелер қаралды.

Жиын соңында басқарма басшысы жауапты мамандарға білім саласында дереу шешуге тиіс мәселелер бойынша тапсырма берді.