
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 13 мамыры күні қашықтықтан оқыту жағдайында тоқсан бойынша жиынтық бағалауды жүргізудің формаларын ұсыну, тәжірибе алмасу мақсатында Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары және Текелі қаласы шағын жинақты мектептерінің пән мұғалімдеріне арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайында тоқсан бойынша жиынтық бағалауды жүргізу» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинар барысында облыстық оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Ж.Дихамбаева қашықтықтан оқыту жағдайында ТЖБ жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен таныстырды. Талдықорған қаласы №14 ОМГ математика пәні мұғалімі, білім мазмұнын жаңарту аясында «Математика» пәні бойынша облыс тренері Нурпеисова Куаныш Тыныштықбаевна, Жамбыл ауданы Еңбекшіарал орта мектебінің химия пәні мұғалімі Қадекұлы Жанарбек, Ақсу ауданы Жансүгіров атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, білім мазмұнын жаңарту аясында «Ағылшын тілі» пәні бойынша облыс тренері Естибаева Эльмира Даулетқызы әр пән бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының ерекшеліктеріне тоқталып, әр сыныпқа құрылған тапсырма үлгілерімен бөлісті.