
Алматы облысы білім басқармасының қолдауымен 2023 жылдың 23 қазан күні Қонаев қаласы Д.А Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебінің 7-8 сыныптар арасындағы "Жас сарбаз" әскери - патриоттық сыныптарының салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Аталған іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері және 32362 әскери бөлімі қызметкерлері қатысып, ант қабылдаған 38 оқушыға куәліктерін табыстады.