Мектеп оқушыларын сапалы теңестірілген тамақтанумен қамтамасыз ету

Мектеп оқушыларын сапалы теңестірілген тамақтанумен қамтамасыз ету

2023 жылдың 23 қазан күні Алматы облысының мектеп асханасын жалға алушы жеке кәсіпкерлер мен мекеме басшыларына «Мектеп оқушыларын сапалы теңестірілген тамақтанумен қамтамасыз ету» тақырыбында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің, облыстық прокуратураның, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, облыстық «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен бірлескен кездесу өткізілді.