Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі - 2023» байқауы

Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі - 2023» байқауы

2023 жылдың 27-28 қыркүйегінде Алматы облысының білім басқармасы облыс Әкімінің қолдауымен «Жылдың үздік мұғалімі - 2023» облыстық байқауы өтті. Шығармашылықпен жұмыс істейтін, ой өрісі биік, өзіндік жаңашыл идеясы бар, кәсіби білікті мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында өткен байқауға әр өңірден келген 17 үздік мұғалім қатысты. Байқау қатысушыларын білім басқармасының басшысы С.Беспаева құттықтап, жеңімпаздар Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиында облыс әкімінің арнайы жүлдесімен марапатталатынын жеткізді.

Байқауда жүлделі бірінші орынды Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп лицейінің математика пәнінің мұғалімі Айтқажы Тақылбек жеңіп алды. Екінші орынды  Талғар ауданы №45 орта мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Кенесбеков Дастан Мелісұлы иеленсе, үшінші орындарды Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің физика пәнінің мұғалімі Сағатбек Амангүл мен Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика-математика лицей-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Амиренов Абзал Анарбекұлы бөлісті.

 

Сонымен қатар, Иманалиев Айдос Ырысбекұлы -Ұйғыр ауданы Қалжат орта мектебінің география пәнінің мұғалімі, Оразымбет Алтынай Қайратқызы- Балқаш ауданы Ақдала орта мектебінінің биология  пәнінің мұғалімі, Қарасай ауданы Ж.Бәрібаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Қараева Айдана Бауыржанқызы номинациялармен марапатталды.