
2023 жылдың 27 қыркүйегінде Алматы облысының білім басқармасы Іле ауданы Боралдай кенті №40 орта мектеп базасында, Байқау жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің рөлін арттыру, тәрбие үдерісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту.
Кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау, тәрбие бағытындағы инновациялық және шығармашылық идеяларын көрсету жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау мақсатында облыс әкімінің қолдауымен «Үздік сынып жетекшісі-2023» облыстық байқауын өткізді. Байқауға 12 педагог қатысты.
Алматы облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Исағұлова байқауға қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.
«Жылдың үздік мұғалімі-2023» облыстық байқауы 3 кезең бойынша өтті.
Қазылар шешімімен:
Қонаев қаласының мектеп-гимназиясының атынан қатысқан Тұрғанбаева Мирамгүл Бердібайқызы, бірінші орынмен марапатталды.
Екінші орынды Талғар ауданы, Әбіғұлов атындағы № 34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Мэлс Анель Арманқызы иеленді.
Үшінші орынды Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай орта мектебінен келген Виктор Николаевич Борматов пен Райымбек ауданы Ә.Барманбекұлы атындағы атындағы орта мектеп-гимназиясынының педагогі Мұңалбекова Нұргүл Нұрланқызы бөлісті.
«Жаңашыл сынып жетекшісі» номинациясы бойынша Балқаш ауданы, Ақдала орта мектебінің мұғалімі Ғазиз Наргиз Ғазизқызы жеңімпаз атанды. «Шебер сынып жетекшісі » номинациясы бойынша Қарасай ауданы, А.С.Пушкин атындағы орта мектептің мұғалімі Ноғаева Зәуреш Игесқызы иеленсе, «Ізденімпаз сынып жетекшісі» номинациясымен Ұйғыр ауданы Абай атындағы мектеп-гимназиясының педагогі Тұңғышбаева Майгүл Нұрақынқызы марапатталды. Еске сала кетейік, марапаттау рәсімі Конаев қаласында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шарада тапсырылады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және табыс тілейміз!