
2023 жылдың 27 қыркүйегінде Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Қонаев қаласында «Жылдың үздік мұғалімі-2023» облыстық байқауы өтіп жатыр. Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, өзіндік жаңашыл идеясы бар, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында облыс әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған байқауға әр өңірден 17 үздік мұғалім қатысты. Байқаудың ашылу салтанатында білім басқармасының басшысы С. Беспаева байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі. Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушы мұғалімдер Заманауи сабақ көрсетуде. 28 қыркүйекте байқаудың келесі кезеңдері жалғасып, қорытындысы шығарылатын болады.