
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және күрделі жөндеу бөлімінің ұйымдастыруымен педагог-психологтардың студенттермен жұмыс барысында психодиагностика, психологиялық-түзету-дамыту, кеңес беру және психопрофилактикалық жұмыстар мен жылдық, айлық жұмыстарын жоспарлау бойынша колледждердің педагог-психологтарына арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс барысында «Жанұя отбасын қолдау» орталығының мамандары колледждердің педагог-психологтарына «Ресурс» автоматтандырылған бағдарламасының жеке кабинетімен жұмыс жасаудың тиімділігін айтты.