
Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылы 21-22 қыркүйек күндері Қонаев қаласы №32363 әскери бөлімінде «Біртұтас ұлт-біртұтас әскер» атты тақырыбында облыстық оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Іс-шараға 9 аудандар мен 1 қаладан 10-11 сынып оқушылары және Алғашқы әскери және технологиялық дайындығы пәнінің оқытушы- ұйымдастырушылары және аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери және технологиялық дайындығы бағытына жауапты мамандары қатысты. Осы іс-шарада № 32363 әскери бөлімінің нұсқаушылары терорлық әрекетке қарсы шығу тәсілін, әскери қару-жарағын және техника мен киім үлгілерін жақын таныстырып, әскери мұражайын көрсетіп, кедергілер жолағынан өту, қаладағы ұрыс тәсілін және десанттық парашюты мен таныстырып, оларды қалай қолданылатынын көрсетті. Сонымен қатар оқушылары әскери бөлімінің асханасыда тамақтанып, жатын бөлмелерімен танысып, бір күндік әскери өмірді өз күндерімен көріп әсер алды.
«Біртұтас ұлт - біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 501 бірлескен бұйрығы аясында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.