
«Алматы облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу дарыны» орталығы жылдық жоспарға сәйкес, 2020 жылы 4 мамыр күні 7 сынып оқушылары арасында география пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасын өткізді. Қашықтық олимпиадаға жалпы 170 оқушы қатысты, олардың 105 қазақ тілінде, 65 орыс тілінде.
Нәтижесінде 90 оқушы жүлделі орынға ие болды: І орын – 10, ІІ орын – 30, ІІІ орын – 50 оқушы, ал 17 қатысушыға сертификат беріледі.
Олимпиада қорытындысы «Жетісу дарыны» орталығының http://zhetisu-daryny.kz сайтында жарияланды. Димпломдар мен сертификаттар аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық мекемелердің электрондық пошталарына жіберіледі.