ІЛЕ, БАЛҚАШ АУДАНДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРЫМЕН ВЕБИНАР

ІЛЕ, БАЛҚАШ АУДАНДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРЫМЕН ВЕБИНАР

2020 жылдың 28 сәуірінде педагог-психологтарға психологиялық кеңес беруде әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу мақсатында Іле, Балқаш аудандарының педагог-психологтарымен вебинар өтті.

Аталған шарада облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскері Д.Кыдыкенова психологиялық қолдау бойынша ұсыным ерекшеліктеріне тоқталып, Іле ауданы №47 орта мектебінің педагог-психологы Г.Егізбаева «Психологиялық қызметті қашықтықтан дұрыс ұйымдастыру», Іле ауданы №47 орта мектебінің педагог-психологы Г.Ахмедиярова «Карантин мерзімінде психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.