ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН – КОНФЕРЕНЦИЯ

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН – КОНФЕРЕНЦИЯ

Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының өнер мектебі директорының тапсырысы бойынша, "Aurum Bytes" ЖШС қосымша білім беру мекемелеріне арналған онлайн оқыту үшін, бірыңғай платформа әзірледі.

Пайдаланушыларға ірі қалаларға және бір-бірімен тегін қоңырау шалуға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық автоматты телефон станциясы ұсынылған. Аудио, бейне-конференц байланысқа, электрондық құжат айналымына арналған құралдар енгізілді.

Бұл функциялар мен мүмкіндіктер тіпті мемлекеттік жүйелер мен жеке сектордың жүйелерінде де жоқ.

Aurum Bytes ЖШС тәжірибесі мен біліктілігі осы жоба үшін бірегей және өте пайдалы деп сеніммен айтуға болады.

Бұл платформа бойынша Алматы облысының қосымша білім беру мекемелері жұмысын бастаған болатын, олардың ішінде: Жамбыл, Кеген, Талғар ауданы және Талдықорған қаласы.

Сондай-ақ, осы жүйеге қосылуға Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының қосымша білім беру ұйымдары қызығушылық танытты.

Осы платформаны таныстыру мақсатында 24 сәуір күні дене тәрбиесі, спорт,алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы ҚР БҒМ РҚББОӘО қолдауымен республикалық қосымша білім беру мекемелеріне арналған онлайн-конференциясын өткізді. Платформаның функционалына қатысты көптеген сұрақтар қойылды, оларға "Aurum Bytes" ЖШС техникалық директоры А. С. Туменов жауап берді.