«Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік» марапаттау кеші

«Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік» марапаттау кеші

Ұстаз – ұлағатты есім! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру керек, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор. Ұстазды ұмытпау да, ұлықтау да парыз.

Бүгін осы орайда,  Алматы облысы білім басқармасының қолдауымен  білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ұстаздарымызды дәріптеу, оларды алғысқа бөлеу мақсатында «Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік» атты педагогтарды марапаттау кеші өткізілді. Іс-шарада үздік 122 мұғалім марапатқа ие болды. Ұстаздарымызды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!