"Үздік тәжірибелер" Алматы облысы бойынша тәжірибе алмасу

"Үздік тәжірибелер" Алматы облысы бойынша тәжірибе алмасу

2023 жылғы 18 шілдеде "Алматы облысының білім басқармасы" ММ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің кешенді мониторингінің нәтижелері бойынша ұйымдастырылған "Үздік тәжірибелер" өңіраралық семинарын өткізді.
Семинар өңірлермен тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Алматы облысы білім басқармасы облыс әкімінің қолдауымен «Білім –Инновация» Халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп, облыс педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі мен әлеуетін жетілдіру, білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру мақсатында «Жаңа форматтағы 50 табысты мектеп» жобасымен "Білім-инновация" халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Е.Б. Әубәкіров таныстырды.

Іс-шараға облыстық білім басқармасының басшысы С.Д. Беспаева , Қазақстан халқына Қоғамдық қордың білім, мәдениет және спорт саласындағы жобалар мен бағдарламаларды басқару орталығының басшысы З. А. Байменова, "Білім-инновация" халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Е. Б. Әубәкіров, Ұлытау облысы білім басқармасының өкілдері қатысты. Павлодар облысының өкілдері ZOOM платформасы арқылы презентацияны тыңдауға мүмкіндік алды. Барлығы 30 педагог қатысты.