
Вебинар жұмысы аясында Алматы экономикалық колледжінің арнайы пән оқытушылары Рахан Шыңғысхан мен Оңғарбек Айдос қашықтықтан оқытуда Google Класс сервисі мен Vegas Pro бағдарламасын тиімді қолдану, бағалаудың өлшемшарттары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, Сарқан гуманитарлық, Үшқоңыр су шаруашылығы, Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық, Талғар медициналық, Талдықорған жоғары медициналық колледж әдіскерлері қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарымен бөлісті.