Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиев «Алтын белгі» төсбелгісі иегерлері және оқуда озат оқушылармен кездесуі

Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиев «Алтын белгі» төсбелгісі иегерлері және оқуда озат оқушылармен кездесуі

2023 жылдың 21-22 маусым күндері облыс бойынша жалпы орта білім беру курсын  12 253 түлек аяқтап, мектептерде аттестат тапсыру салтанатты жиындары өтуде. Аяқталып отырған оқу жылында 696 түлек «Алтын белгі» төсбелгісін иеленіп отыр.

Бүгін облыс орталығы Қонаев қаласында Алматы облысының  Әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының Алтын белгі және оқудағы ерекше жетістіктерге қол жеткізген мектеп бітірушілермен  кездесуі өтті. Кездесу барысында облыс әкімі түлектерге «Алтын белгі» төсбелгісі мен естелік сыйлықтар тапсырып,  ақ жол тіледі.

Марат Елеусізұлы өз сөзінде облыстың дамуы, болашағы, білікті мамандардың қажеттігі туралы айтып өтіп, жастарды облысымызға қайта оралып, еңбек етуге шақырды. Сонымен қатар, дарынды оқушылардың ата-аналарына Алғыс хаттар тапсырды. Кездесу соңында оқушылар мен ата-аналар Қонаев қаласының Бас жоспарымен танысты және мерекелік дастарханнан дәм татты.