
2020 жылдың 20 сәуір күні ҚР БҒМ РҚББОӘО өңірлердегі қосымша білім беруге жетекшілік ететін мамандармен онлайн кеңес өткізді. Кеңес барысында қашықтан оқыту жағдайында мектептен тыс ұйымдардың қызметін үйлестіруге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. РҚББОӘО директоры Р. Шер бүгінгі күннің маңызды мәселелеріне тоқталды: онлайн режимінде балалардың бос уақытын қызықты өткізу, ТЖ жағдай кезінде контингенттің сақталуы, жазғы демалысты ұйымдастыру және т.б.
Сондай-ақ Раиса Петровна келешекте шешуді талап ететін мәселелерді қозғады. Олар 2020-2025 жылдарға арналған ҚРБҒДМ жоспарының, туризмді дамытудың Жол картасын іске асырылуы, дебат қозғалысының Лигасын құру туралы болды.
Өңірлердің мамандары қосымша білім беру ұйымдарының қашықтан оқытуға көшіру жұмыстардың қалай ұйымдастырылғаны туралы жұмыстарымен бөлісті. ҚР БҒМ РҚББОӘО осындай онлайн мәжілістерді тұрақты негізде білім басқармасының мамандарымен ғана емес, сонымен қатар қосымша білім берудің барлық бағыттары бойынша мектептен тыс ұйымдардың басшыларымен өткізуде.