
2020 жылғы 21 сәуірде сағат 17.00-де білім басқармасының басшысы Омарова Майгүл Тлутайқызы, басқарма басшысының орынбасары Сүлейменова Жаныл Мағданқызы және Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Нусипова Жанна Дуйсенхановна «Карантин кезінде балалардың тәртіп бұзушылық жағдайындағы ата-ананың жауапкершілігі» тақырыбында online режимде ата-аналарға арналған заңнамалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі төтенше жағдайда балалардың қашықтықтан оқытылуына байланысты карантин режимін қатаң сақтауды, режимді бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.
Ата-аналармен онлайн сұхбат барысында бала қауіпсіздігінің қорғалуы, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі,кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалатын қылмыстар жағдайында қолданатын шаралар және ата-ананың жауапкершілігі туралы заңнамалақ тұрғыда түсіндірілді.