Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ а/о, Жапек батыр а. «Мектепке дейінгі білім беру қызметтерін көрсету үшін 250 орындық балабақшаны пайдалану» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 44 - бабына сәйкес, «Алматы облысының білім басқармасы» ММ-сі әлеуетті жекеше әріптестің «Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ а/о «Күншуақ АГРО» ПКСО-да мектепке дейінгі білім беру қызметтерін көрсету үшін 250 орындық балабақшаны пайдалану» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасына бастамашылық жасайтындығы туралы хабарлайды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері және бюджеттен сұралатын төлемдер (әлеуетті жекеше әріптес бастамашылық еткен бизнес-жоспарға сәйкес):
1) жобаны іске асыру саласы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) жобаны іске асыру орны – Алматы облысы, Іле ауданы;
3) объектінің қуаттылығы – 250 орын;
4) іске асыру кезеңі – 2020 жыл.
5) пайдалану кезеңі – 2020-2035 жылдар;
6) жобаның мақсаты мен міндеттері – Алматы облысы, Іле ауданының тұрғындары үшін мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орын тапшылығы мәселесін шешу және жалпы орта білім беретін мектептің бірінші сатысындағы балалардың оқыту сапасын жақсарту;
7) бюджеттен сұралатын төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
8) жоба техникалық күрделі болып табылмайды.
Әлеуетті жекеше әріптес Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 135-тармағына сәйкес МЖӘ жоспарланған жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ осы Қағидалардың 130-тармағында көрсетілген жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге балама ұсыныс береді.
Осы жобаны іске асыруда қызығушылық танытқан жағдайда «Алматы облысының білім басқармасы» ММ-сі балама ұсыныстарды келесі мекен-жайы бойынша қабылдайды: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26 үй, 513 каб., тел.8-(7282) 32-96-79, мерзімі: 2020 жылдың 11 мамырына дейін.
Жауапты тұлға: Алматы облысының білім басқармасы ММ-сі, мектепке дейінгі, мектептен тыс және интернаттық мекемелер бөлімінің басшысы Елубаева Гүлжан Мұхамажанқызы, ұялы тел.: +7 775 280 33 37.