«ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДАҒЫ ІЗДЕНІС ПЕН ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ВЕБИНАРЫ

«ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДАҒЫ ІЗДЕНІС ПЕН ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ВЕБИНАРЫ

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі қашықтықтан оқыту жүйесін әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу мақсататында «Қашықтықтан оқытудағы ізденіс пен тәжірибе» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу вебинарын ұйымдастырды. Вебинарға қатысқан 60 әдіскерге Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Жанаев Алишер Арғынғазыұлы қашықтықтан білім берудегі бейнесабақтарды құрудың негізгі шарттары бойынша тәжірибе бөліссе, техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Исаханова Шынар Қабиқызы қашықтықтан оқытуда бағалаудың өлшемшарттарын тиімді жүргізудің жолдары бойынша тәжірибедегі ақпараттар легін ұсынды.

Вебинар жұмысының екінші бөлімінде Алакөл гуманитарлық-техникалық, Тоқжайлау политехникалық, Қапал кәсіптік-техникалық, Сарыжаз кәсіптік-техникалық, Жаркент көпсалалы колледждерінің қашықтықтан оқытудағы тәжірибелері тыңдалынып, қиындықтарды еңсеру мақсатында әдістемелік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, ашық сұрақтар алаңында сабақтың сапасын арттыру, өндірістік сабақты қашықтықтан ұйымдастырудың жолдары, аралық және қорытынды аттестацияға дайындық шаралары бойынша тәжірибеде қарастырылып отырған жұмыстар төңірегінде ой бөлісіп, әдістемелік жұмыстың алдағы мақсатын айқындады.