ОБЛЫСТЫҚ «ҒАРЫШҚА САЯХАТ» ҚАШЫҚТАН ӨТЕТІН БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСI

ОБЛЫСТЫҚ «ҒАРЫШҚА САЯХАТ» ҚАШЫҚТАН ӨТЕТІН БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСI

Облыстық «Ғарышқа саяхат» қашықтан өтетін байқау ЕРЕЖЕСI

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Алматы облысының білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы.

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ

Ғарыштың, астрономияның, зымыран техникасының ашылу тарихын зерттеуге қызығушылықты қалыптастыру;

Дарынды және талантты балаларды анықтау және қолдау;

Оқушылардың жобалау-шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ӨТЕТІН УАҚЫТ АРАЛЫҒЫ

2020 жылғы 10-25 сәуір аралығы.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

Байқауға 10-17 жас аралығындағы жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары қатыса алады.

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Ғарыш күніне арналған байқау «Ғарышқа саяхат» атты тақырыпты ашатын барлық қолда бар материалдардан (аппликация, қолдан жасалған бұйымдар, қағаз, мата, мақта, пластикалық бөтелкелер, банкалар, буып-түю материалдары және т. б.) жасалған кез келген қызықты және бірегей бұйымдар мен макеттер, модельдер қабылданады.

БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ

Сіз өзіңіздің қиялыңыздағы зымыран немесе ғарыш кемесінің моделін жасап, жұмыс барысын бейнеге түсіріп, жұмысыңыздың өзгешелігін, мақсатын қысқаша әрі түсінікті етіп жеткізу.

Қатысушы өзі туралы мәліметті (толық аты-жөні, жасы, оқу орны) және жұмысының атауы, қысқаша сипаттамасы болуы тиіс. Бейнетүсірімнің форматы: avi, mpеg, mp4, wmv. Ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс.

Facebook желісіне және obl.robototex@mail.ru электрондық поштасына толық жіберуіңіз қажет. Facebook желісіне жұмысыңызды орналастырғанда орталықтың парақшасын белгілеуді ұмытпаңыз https://www.facebook.com/profile.php?id=100043553693501 #Алматыоблысыныңбілімбасқармасы #ғарышқасаяхат #қашықтықтанконкурс хештегін қою арқылы сіздің жұмысыңызды көріп бағалай алады.

МАРАПАТТАУ КЕЗЕҢІ

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздар тізімі 2020 жылғы 2 мамыр күніАлматы облысы білім басқармасының https://edu.zhetisu.gov.kz/ сайтында жарияланады.

Анықтама телефоны: Ахамбаева Нұршат Төлегенқызы 8 747 987 22 07

 

№

Аудан, қала атауы

Қатысушының аты-жөні, тегі

Мектебі

Сыныбы

Байланыс нөмірі

11