ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» ОҚУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТТЫҚ ТУРНИР

ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» ОҚУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТТЫҚ ТУРНИР

Республикалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирдің Республикалық кезеңі 2020 жылғы 24-27 ақпан күндері аралығында Шымкент қаласында өткізілді. Турнирдің облыстық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары және топ жетекшілері қатысты. Алматы облысы білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы Алматы облысының құрама командасының атынан Қарасай ауданының Үшқоңыр ОМГ 10 сынып оқушылары Сагидуллаева Шынарай, Арынова Диляра, Арыкова Алина, Койшиева Аяулым және Талдықорған қаласы Білім- инновация лицей интернатының 10 сынып оқушылары Аяжанов Бекасыл, Сарбалин Нурдос Республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Қорытынды бойынша Алматы облысының құрама командасы қазақ лигасында жүлделі 1 орынға ие болды. Екі тілдік лигада «Үздік спикер» номинациясы бойынша Алматы облысы Қарасай ауданының Үшқоңыр ОМГ 10 сынып оқушысы Арынова Диляра дипломмен марапатталды. Жетекшісі Даулетбаев Ержан Жанатұлы- АО Жастар ресурстық орталығының оқушы, студент жастар және жастар үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеу бөлімінің басшысы алғыс хатпен марапатталды.