«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ!» ОБЛЫСТЫҚ ҚАШЫҚТЫҚТАН БАЛАЛАР КИНОСЫ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ!» ОБЛЫСТЫҚ ҚАШЫҚТЫҚТАН БАЛАЛАР КИНОСЫ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

2020 жылдың 25 ақпанында дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми – тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сай «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» облыстық қашықтықтан балалар киносы фестивалінің жеңімпаздары анықталды.

Фестивальдің мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.

Фестивальға кез-келген жанрдағы жұмыстар және шығармашылық шешімдер: дәстүрлі немесе сандық технологиялардың көмегімен – видеокамера, фотокамера және ұялы телефонмен түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер қабылданды.

Фестиваль байқаулары келесі номинациялар бойынша өткізілді:

1) деректі (ойынды емес) кино – нақты оқиға негізінде алынған, адамдар, жағдайлар туралы шығарма (қатысушылардың жасы 15 жас);

2) ойынды кино – операторлық және режисерлік, актерлік ойындар өнері көмегімен түсірілген сюжетті (ойдан шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма (қатысушылардың жасы 16 жас);

3) STOP-MOTION-видео – технологиясымен құрылған видео,сюжетті шығарма. Таңдап алынған видеодан немесе фотокамерадан түсірілген кадрларды тізбектей монтаждалатын ролик (қатысушылардың жасы 13 жас);

4) әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик – қоғамдағы мәселелерге көрермендердің назарын аударуға арналған қысқа жарнамалық хабарлама (қатысушылардың жасы 13 жас);

5) анимация – компьютерлік немесе заттық техникада орындалған, қозғалмалы иллюзияны құрайтын кез-келген мультипликациялық шығарма (қатысушылардың жасы 13 жас);

6) видео-арт – компьютерлік өңдеудің және жаңа видеотехникалық құрылғылардың көмегімен түсірілген авторлық көркемдік концепция видеоролигі (қатысушылардың жасы 14 жас);

7) киножурнал – елдің өмірі, ішкі және халықаралық саяси оқиғалар және т. б. туралы қысқа ақпараты бар кинохроника түрі (қатысушылардың жасы 17 жас);

8) музыкалық фильм (қатысушылардың жасы 16 жас);

9) ең үздік операторлық жұмыс (қатысушылардың жасы 17 жас).

Номинациялар бойынша жүлделі бірінші орынға ие болған оқушылар 22-26 наурыз күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық кезеңіне жолдама алды.

 

1

«Деректі

(ойынды емес) кино»

«Ұрпақтар сабақтастығы»

Тұрғанбай

Айбар

Әлиұлы

Панфилов ауданы Б.Момышұлы орта мектеп-гимназиясы 10 сынып

2

«STOP-MOTION»

«Бауырсақ» орыс халық ертегісі

Серік Айназ Серікқызы

Ақсу ауданы

Қ.И. Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы

7 сынып

3

«Ойынды кино»

Mektep_1ove

Шамекеева Марал Нұрланқызы

Алакөл ауданы, Үшарал қаласының №1 орта мектебі, 10 сынып

4

«Әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик»

«Тарлан» спорт кешені

Қалипан Ермек Маратұлы

Алакөл ауданы, Үшарал қаласының №1 орта мектебі, 10 сынып

5

«Анимация»

Музыкалық Әліппе

Жомарт Айгерім Алтайқызы

Алакөл ауданы, Үшарал қаласының №1 орта мектебі, 8 сынып

6

«Видео-арт»

Клип-арт

Амангельдинова Аяулым Медетқызы

Қаратал ауданы № 13 ом жанындағы интернатымен КММ, 8 сынып

7

«Музыкалық фильм»

 

Мектеп-LIVE

Болатбекқызы Назерке

Алакөл ауданы, Үшарал қаласының №1 орта мектебі, 10 сынып

8

«Киножурнал»

Әуе апаттары

Кадырханова Мадина Қанатқызы

Алакөл ауданы, Үшарал қаласының №1 орта мектебі, 10 сынып

9

«Ең үздік операторлық жұмыс»

IT саласы Қазақстанда

Қалматай Шоқан Абайұлы

Алакөл ауданы, Үшарал қаласының №1 орта мектебі, 10 сынып