
Алматы облысы білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, орындаушылық шеберлігін арттыру, музыкалық өнерді насихаттау, музыкалық өнер мен білім берудегі жаңа прогрессивті үрдістермен классикалық дәстүрлердің өзара әрекеттесуін іздеу, балалар музыка мектептері мен өнер мектептерін дамыту мақсатында 2020 жылғы 19 ақпан күні Панфилов ауданында (Кеген, Райымбек, Панфилов аудандары), 24 ақпан Қапшағай қаласында (Қапшағай қаласы, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Талғар, Балқаш, Жамбыл аудандары), 25 ақпан (Талдықорған, Текелі қалалары, Көксу, Ақсу, Қаратал аудандары) балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың 53-ші облыстық (аймақтық) іріктеу фестиваль-байқауы өткізілді. Фестиваль-байқауға хор ұжымдары мен фортепиано бөлімдерінде оқитын пианисттер қатысты. Хор ұжымдары -жоғары сынып, пианисттер келесі жас санаттары бойынша жүргізілді: кіші жастағылар тобы – 7-9 жас; орта жастағылар тобы – 10-12 жас; ересек жастағылар тобы – 13-17 жас.
Қорытынды бойынша, фортепиано бөлімінің кіші жастағылар тобы:
1 орын - Талдықорған қаласы, Н.Тілендиев ат. балалар музыка мектебі-Жумабаева Томирис;
2 орын - Қапшағай қаласы балалар шығармашылық орталығы-Кульбаев Тимур;
3 орын - Қапшағай қаласы балалар шығармашылық орталығы-Стамшалова Жания;
3 орын - Талдықорған қаласы, Н.Тілендиев ат. балалар музыка мектебінің оқушысы-Даниярқызы Жасмин.
Фортепиано бөлімінің орта жастағылар тобы:
Гран при - Талдықорған қаласы, Н.Тілендиев ат. балалар музыка мектебінің оқушысы Жумабаева Зара;
1 орын - Талғар ауданы Панфилов ауылындағы балалар музыка мектебі- Тохтахунов Ильхан;
2 орын - Жамбыл ауданы, ұзынаған ауылындағы өнер мектебі- Сагитова Раксана;
3орын - Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы балалар музыка мектебі-Нурхаликов Билал;
3 орын - Райымбек ауданы Текес ауылындағы балалар өнер мектебі-Ескелдіқызы Сара.
Фортепиано бөлімінің ересек жастағылар тобы:
1 орын -Талғар ауданы балалар музыка мектебі - Отарбаева Сабина,
2 орын - Іле ауданы №1 балалар музыка мектебі - Байтурганова Сабижан;
3 орын - Талғар ауданы Панфилов ауылындағы балалар музыка мектебі-Рахмединова Шахруза;
3 орын - Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы өнер мектебі- Семятова Рамина.
хор ұжымдары:
1 орын - Қапшағай қаласының балалар шығармашылық орталығы
2 орын - Талдықорған қаласы Н.Тілендиев ат. балалар музыка мектебі «Жас Ұлан» ұлдар ұжымы;
2 орын - Көксу ауданы балалар музыка мектебі;
3 орын - Талғар ауданы балалар муызка мектебі;
3 орын - Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы балалар музыка мектебі;
3 орын - Ақсу ауданы И.Исабаев ат. өнер мектебі иеленді.