
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі 2020 жыл 19 ақпанда Талдықорған агротехникалық колледжінің базасында «Серпін» жас мамандар шығармашылық тобының «Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға көмектесетін оңтайлы оқу әдістері» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары өтті.
Семинарда жас мамандарға нәтижелі сабаққа жетудегі оқытудың тиімді әдістері, білім алушылардың өзіндік ізденісін жетілдіру, «WorldSkills» стандарттарын оқу үрдісіне енгізу, электронды оқу-әдістемелік кешендерін қалыптастыру, модульді қорытындылаудағы бағалау механизмі нақты қолданыстағы тәжірибенің қорытындысы негізінде ұсынылды. 60 жас маман қатысқан семинарда 4 жас маман, 2 әдіскер, 1 штаттан тыс тренер, 4 арнайы пән оқытушысы, 1 үздік педагог тәжірибе таратты.