МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН БЕЛСЕНДІ ТОП ШЕБЕР-КЛАСС АЛАҢЫ

МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН БЕЛСЕНДІ ТОП ШЕБЕР-КЛАСС АЛАҢЫ

«Табысты басшы» жобасы аясында «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» бағдарламасын іске асыру мақсатында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылы 18 ақпанда Іле ауданы №39 орта мектеп-гимназиясы базасында Қапшағай қаласы, Іле, Қарасай, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары мектеп басшыларына арналған аймақтық белсенді топ шебер-класс алаңы өткізілді.

Шебер-класс алаңы жұмысына 5 (бес) мектеп басшысынан құрылған Қапшағай қаласы, Іле, Қарасай, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарының белсенді топтары өз тәжірибелерін ұсынды.

«НЗМ» «ДББҰ» Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қаласындағы филиалының директоры Б.Асубаев шебер-класс жүргізген белсенді топтарға сындарлы кері байланыс берді.

Жұмыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапаттады.

І орын – Еңбекшіқазақ ауданының белсенді тобы

ІІ орын – Қапшағай қаласының белсенді тобы

ІІІ орын – Жамбыл ауданының белсенді тобы

ІІІ орын – Іле ауданының белсенді тобы

Аталған шараға 130-дан астам мектеп директоры қатысты.