
2020 жылдың 27 - 29 қаңтар аралығында Щучинск қаласындағы "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XV-ші республикалық "Зерде" конкурсы өтті. Алматы облысынан 21 оқушы қатысты – облыстық кезеңнің жеңімпаздары.
Конкурстың қорытындысы бойынша, І-ші орынды иеленген оқушылар: Калиев Темірлан, Азатқызы Ақерке, Сексенбаева Дария, Шалқарұлы Әділет - Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 "Экономика және бизнес" арнаулы лицейі; Резников Артур мен Кирясова Ульяна - Мелькомбинат негізгі орта мектебі, Ескелді ауданы;
ІІ-ші орын жеңімпаздары: Серікжан Наиля, Далабаева Жанерке - Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 лицейі; Жақсыбек Ерсұлтан - Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 "Экономика және бизнес" арнаулы лицейі; Қабдолда Маржан - Күреңбел ОМ, Кербұлақ ауданы; Уайс Шуақ - №5 ОМ, Текелі қ.; Орлик Альтаир - №4 ОМ, Қапшағай қ.
ІІІ орын жеңімпаздары: Дорошенко Илья - №8 ОМ, Текелі қ.; Чувасова Милана - №4 ОМ, Талдықорған қ.; Кенжебек Аружан - №7 ОМ, Текелі қ.; Жарылқасын Жанель - Әл-Фараби атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын гимназиясы, Қарасай ауданы.
Құрмет грамотасымен марапатталғандар: Маратқызы Балжан, Жолдасбек Марал, Бакурманова Дильназ, Курабаева Алуа, Оршан Айдана.
Облысымыздың мақтанышы, үздік жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Білім мен ғылымда биіктен көріне беріңіздер!