«ШАҢҒЫ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР

«ШАҢҒЫ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР

ене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 23-24 қаңтар күндері аралығында Сарқан ауданы, Қарғалы ауылында «Шаңғы туризмін дамыту» тақырыбында облыстық іс-тәжірибелік семинар өткізді. Семинарға Сарқан және Алакөл аудандарының жалпы орта білім беру мекемелерінің 25 дене шынықтыру пән мұғалімдері мен 4 оқушыдан құралған 15 туристік топ қатысты. Іс-тәжірибелік семинардың аясында ұйымдастырылған шаңғы туризмінен туристік көпсайыста қатысушылар аспалы, паралельді, бөрене өткелдерін бағындыра отырып қар көшкіні қауіпі бар аймақтарда өзін-өзі ұстауы және экстримальді жағдайда таулы аймақтарда тірі қалу мектебін меңгерді. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.