«ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ, ЖЫНЫСТЫҚ ТИІСПЕУШІЛІК, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ

«ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ, ЖЫНЫСТЫҚ ТИІСПЕУШІЛІК, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ

2020 жылғы 22 қаңтарда Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында білім басқармасының ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандармен орын алған және кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың, жасөспірімдер арасындағы суицидтік жағдайлардың орын алу себептерін анықтау мақсатында «Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың, жыныстық тиіспеушілік, қылмыс және құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Дөңгелек үстелге білім облыстық прокуратура, облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты мамандары қатысты.

Шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық әрекеттер мен суицидтік жағдайлар орын алған аудан, қала мамандарының есептері тыңдалды. Сонымен қатар, балалар қауіпсіздігінің, қылмыс пен суицидтік жағдайлардың алдын алу, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланып, пікір алмасты.