
2020 жылдың 5-6 қаңтарында Алматы облысы білім басқармасы «Жетісу дарыны» орталығының ұйымдастыруымен реcпубликалық жалпы пәндер олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Олимпиадаға аудан, қала және облыстық білім беру ұйымдарынан қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша 13 пәннен, барлығы 825 оқушы қатысты.
Олимпиада барысында қазылар алқасы құрамында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Сулеймен Демирел атындағы университеті, Санкт-Петербургтың гуманитарлық кәсіподақтар университетінің профессорлары, ғылым докторлары мен кандидаттары жұмыс жасады.
Олимпиаданың салтанатты жабылуы 7 қаңтарда өтті.
Алғашқы құттықтау сөз Алматы облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Омарова Майгуль Тлеутайқызы екі күндік білім додасында өз білімдерін ортаға салып, ғылым мен білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған қадамдарымен олимпиадаға қатысушы оқушыларды құттықтады және осы олимпиаданың өтуіне ат салысқан ғалымдарға өз ізгі тілегін айтты.
Қазылар алқасының шешімімен олимпиада қорытындысы бойынша:
1 орын (алтын медаль) – 44 оқушы
2 орын (күміс медаль) – 103 оқушы
3 орын (қола медаль) – 197 оқушы
Барлығы 344 жеңімпаздар анықталды.
72 жеңімпаз оқушыларымыз облысымыздың намысын республика деңгейінде қорғайтын болады.
Биылғы олимпиадада «Шыңайылығы мен шығармашылық үшін» ерекше номинациясымен Панфилов ауданы, Б.Назым атындағы ОМ 11 сынып оқушысы Шавдунова Шахноза марапатталды. Сонымен қатар, сандық рейтингке сәйкес «Үздік олимпиадалық команда» дипломы А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатына берілді.
Осы олимпиаданың қорытындысы бойынша Астана халықаралық университетінің ректоры С.Исалиевтің қолдауымен биылғы жылы мектеп бітіруші 5 жеңімпаз түлегіміз - Қалдыбайұлы Әнияр (Талдықорған қаласы, №20 лицей), Аласханов Алас (Есік қаласы, БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ), Өжетов Арсен (Есік қаласы, БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ), Рахмолда Еркебұлан (Талдықорған қаласы, №20 лицей), Хабдолда Камилаға (Іле ауданы, №38 ОМ) грант тағайындалды.