
Қытайдағы Цзинанда Назарбаев Зияткерлік мектептеріне 2019 жылдың ЮНЕСКО Wenhui Award сыйақысы табысталды! Бұл Зияткерлік мектептердің үлкен әрі кәсіби ұжымы үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл ұлттық білім беру жүйесі үшін де маңызды оқиға. NIS білім саласындағы ЮНЕСКО сыйлығына ие болған Қазақстанның алғашқы өкілі болды.
Дипломмен мен ұсынылған жобаны дамытуға арналған 20 мың доллар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидиноваға тапсырылды.
Wenhui Award «Білім беру – 2030» күн тәртібін ілгерілету үшін университет пен мектеп арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған. 2019 жылдың финалдық кезеңінде Австралия, Қытай, Малайзия және Шри-Ланканың үздік университеттері болған.