Алматы облысы білім басқармасы және «Жас дарын» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және анықтау оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 29 мамыр күні Қонаев қалалық мәдениет үйінде Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында және 2022-2023 оқу жылының қорытындысына байланысты «Дінмұмаммед Ахметұлы Қонаевтың ізбасарлары» атты жетістіктер форумы өтті.
Форумның мақсаты: 2022-2023 оқу жылының қорытындысы Алматы облысы мерейін асқақтатқан бойынша республикалық, халықаралық және бүкіл кезеңде жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушыларды және жетекшілерін марапаттау болып табылады.
Жетістіктер форумын әртүрлі деңгейдегі олимпиада, ғылыми жоба, конкурстардың 66 оқушы және оқушылардың жетекшілері марапатталды.