«Ұрпақтар сабақтастығы» облыстық ата-аналар форумы

«Ұрпақтар сабақтастығы»  облыстық ата-аналар форумы

«Ұрпақтар сабақтастығы» ата-аналар форумына облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Әбдірахым, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім  беру департаментінің бас сарапшысы Ж.Кенжебаева, педагог-шебер, білім саласының сарапшысы, физик, білім магистрі, мектепке дейінгі «Негеш» инновациялық дамыту кешенінің авторы Е.Жиенбаев,  облыс әкімінің кеңесшісі функцияларын орындайтын бала құқықтары жөніндегі уәкілі А.Есімбекова, Алматы облысының бірқатар басқармаларының басшылары, облыстық прокуратура, полиция, төтенші жағдайлар департаменті, жастар ресурстық орталығының өкілдері, ардагер ұстаздар, ата-аналар, Ақсақалдар алқасының, Аналар кеңесінің өкілдері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, балабақша, мектеп және колледж басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері, сонымен қатар, БАҚ өкілдері, блогерлер қатысты.

Ата-аналар форумының басты мақсаты: ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылау, отбасы институты мен ата-аналар жауапкершілігінің маңызына назар аудару, тәрбие процесіндегі ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтардың рөлін арттыру.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Балаларымызды оқыту мен тәрбиелеу үшін барлық жауапкершілікті балабақшалар мен мектептерге жүктеуге болмайды. Баланың жеке басы отбасында қалыптасады, ата-аналар мұны есте сақтап, баланы оқытушылардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеуі керек" деген сөзіне ерекше назар аударайық.

Балалар мен жастардың рухани-адамгершілік қалыптасуы, оларды тәуелсіз өмірге дайындау - қоғам мен мемлекеттің маңызды міндеті.

Ұрпақтар сабақтастығы - бұл үзуге болмайтын жіп, оны сақтау үшін  халқымыздың моральдық тәрбиесі техникалық процестермен қатар тез жүруі үшін ата-бабаларымыздың ұлттық құндылықтарын  жалғастыру қажет.  Бір елде тұратын адамдардың көзқарасы әртүрлі болса, бұл жаңадан келген толқындармен оңай жуылатын құмдағы сызбалар сияқты болатынын есте ұстаған жөн. Ортақ мақсатсыз кез-келген әлеуметтік, саяс,и-экономикалық өзгерістердің пайдасы жоқ. 

«Ұрпақтар сабақтастығы» облыстық ата-аналар форумы аясында балаларға және олардың отбасыларына ҚР-ның Заңнамаларына сәйкес жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттері туралы, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі туралы ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыру, білім беру ұйымдарымен ата-аналар балаға тәрбие берудің мақсаттары мен құндылықтарын біріктіру, балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездіктің алдын алу бойынша білім беру ұйымдары мен ата-аналар комитеттерінің жұмысын күшейту және т.б. қарары алынды.