«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» жобасы аясындағы «50 мектеп»

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» жобасы аясындағы  «50 мектеп»

Алматы облысының  әкімі   М.Султангазиевтің  қолдауымен  білім басқармасы және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры біріге отырып, Алматы облысындағы орта білім беру жүйесін дамытудың кешенді жоспары дайындалып, іске асыру бойынша жұмыстар басталды. Жобаның мақсаты  - «Білім-инновация» лицейлерінің 30 жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, өңірдің педагогикалық кадрларының кәсіби әлеуетін арттыру,   білім  саласында білім сапасын  көтеру. Бұл жобаны іске асыру мақсатында білім  басқармасының басшысы С.Беспаеваның  басшылығымен  Алматы облысынан  50 мектеп, 65917 оқушы және 2500 педагогтерді  қамту жұмыстары  жүзеге  асты. 50 мектеп  директорларымен түсіндірме  жұмыстары, семинар, тренингтер   жүргізіліп, білім басқарма  басшысы осы  бастамада ұстаздар  қауымы  мен  оқушыларды  бірлікте  жұмыс атқаруға шақырды.