«2023 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру» тақырыбында семинар

«2023 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру» тақырыбында семинар

Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауығуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл балаға ерекше назар аударудың "аймағы", оны әлеуметтік қорғау, сауықтыру уақыты.

«Балалардың ігілігі үшін», Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Республикалық акциясы аясында 2023 жылғы 22 мамыр күні Қонаев қаласы, А. Жұбанов атындағы №5 орта мектебінің базасында Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «2023 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру» тақырыбында өткен семинарға облыстық денсаулық сақтау басқармасының, Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментінің, аудандық, қалалық білім бөлімдері мен сауықтыру лагерьлері өкілдерінің қатысты.