
Алматы облысы Іле ауданы, Көкқайнар ауылы №29 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Өмірбекқызы Арайлым зерттеу жұмысын жүргізу барысында Оспан батырға байланысты тың жаңалықтарды ашты. Шетелдік және Отандық ғалымдардың Оспан батырға байланысты зерттеулерін саралай отырып бірнеше құнды кестелер құрастырды. Сондай-ақ Оспан батырдың бала кезінде ұстаған шоқпарының болғанын алғаш рет жоба жұмысында тың жаңалық ретінде ұсынды.Оспан батырдың соңында қалған ешбір тарихи жәдігерлерінің болмағанын ескере отырып шебер Нұрлыбек Рәбілұлымен бірлесе отырып батыр рухына арнап «Дарабоз» атты шоқпар жасап шықты. Аталмыш шоқпарды алдағы уақытта Алматы қаласындағы орталық музейге өткізу жоспарланып отыр.Оқушының жұмысы нәтижелі яғни жаңалыққа толы деп айтуға болады, - дейді жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Мешел Нурсауле.
Жас ғалым Өмірбекқызы Арайлымның жаңалығы 2023 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінде үздік деп танылып, тарихшы ғалымдардар өте жоғары деңгейде жазылған жұмыс деп бағалаған болатын. Нәтижесінде жобаның бас жүлдегері атанды.
Сонымен қатар Өмірбекқызы Арайлым ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп атауына орай Астана қаласында өткізілген «Мен жастарға сенемін» атты ҚР 100 дарынды оқушылар форумына қатысып «Қазақстанның үміт артары» атты төсбелгісі мен куәлік иегері атанды және жоба жұмысы үздік деп танылып І дәрежелі дипломмен марапатталған.
Сондай-ақ Өмірбекқызы Арайлымның жаңалықтары республикалық ғылыми әдістемелік журнал «Ұстаз-мектеп тірегі» және республикалық балалар журналы «Дара бала» журналдарында жарыққа шықты.