
Бүгін 5-6 сынып оқушыларына жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды.
Олимпиаданың республикалық кезеңі «Оқулық» онлайн платформасында «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» ережесімен өтуде.
Бекітілген кестеге сәйкес олимпиадаға Алматы облысынан 16 оқушы қатысып жатыр.
Олимпиада тест жүзінде өтеді, сұрақтар 3 деңгейге бөлінген, жалпы максималды балл: 50 ұпай.
YouTube арналарында олимпиаданың бейнежазбасы мен тікелей көрсетілімі жүргізілуде.