Республикалық Ұлттық Мектеп лигасының ашылу салтанаты

Республикалық Ұлттық Мектеп лигасының ашылу салтанаты

2023 жылдың 16 мамыр күні Қарасай ауданы, Шамалған ауылында орналасқан Үшқоңыр балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасында республикалық Ұлттық Мектеп лигасы 5-6 сынып оқушыларының (ұлдар,қыздар) арасында ашылу салтанаты өткізілді. Аталған шараға Оқу-ағарту министрлігі, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының өкілі Н.Губайдуллин, Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Исағұлова, Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі Е.Сарабеков еліміздің түпкір-түпкірінен келген командаларға жеңіске деген жігер тілей отырып, жылы лебіздерін білдірді! Жалпы іс-шараға 15-облыс, 3-қаладан 750 оқушы қамтылды.