
Қазақстандық оқушылар АҚШ-ның Техас штаты, Даллас қаласында нағыз сенсация жасады.
Қазіргі уақытта АҚШ-да өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның робототехника тарихында тұңғыш рет біздің Ürei 1737k командамыз әлемдік рекорд орнатып, 10 іріктеу матчының 9-да жеңіске жетіп, өз дивизионында 80 команданың ішінен 9-шы орынды иеленді. Сондай-ақ, 1737D Dream ON және 1737y Blue Ribbon командалары керемет нәтижелерге қол жеткізіп, ширек финалға шықты.
Естеріңізге сала кетейік, VEX IQ Slapshot санатында 3-8 сынып балалары бақ сынасады. Бұл санатқа жергілікті, аймақтық, ұлттық және әлемдік турнирлер қоса алғанда 45 елден 8500 команда қатысады. Vex Spin up санатына 6-12 сыныптардан 11 500 команда қатысады.
Халықаралық Робототехника Академиясы жарысқа қатысу үшін Алматы қаласы мен облысының мектептерінен шәкірттерді дайындады. Барлығы 10-17 жас аралығындағы НЗМ, РФММ, Шоқан мектебі, Galaxy, Дана және № 30, 38, 39, 65, 90, 92, 111, 125, 138 мемлекеттік мектептерінен 26 шәкірт қатысып жатыр.
Алматы облысынан 2 оқушы сәтті өнер көрсетті.
Біз осындай шәкірттерімізбен мақтанамыз.