
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитеті және «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткен республикалық «Тіл құндылық» атты онлайн байқаудың қорытындысы бойынша 9 оқушы жүлделі орындарға ие болып, 12 оқушы аталымдарға ие болды.
Оның ішінде І орын – 3 оқушы, ІІ орын – 3 оқушы, ІІІ орын – 3 оқушы ие болып, облыс намысын қорғады.
Оқушыларамызды шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз!